Aeg-Electrolux L14950A Bedienungsanleitung Seite 13

  • Herunterladen
  • Zu meinen Handbüchern hinzufügen
  • Drucken
  • Seite
    / 52
  • Inhaltsverzeichnis
  • LESEZEICHEN
  • Bewertet. / 5. Basierend auf Kundenbewertungen
Seitenansicht 12
Машина жұмыс істеп тұрған кезде бағдарлама таңдау тетігін басқа
бағдарламаға қойсаңыз, 7 түймешігінің сары индикатор шамы 3 рет
жыпылықтайды да, бейнебетте Err хабары көрсетіліп, қате бағдарлама
таңдалғанын көрсетеді. Машина жаңадан таңдалған бағдарламаны
орындамайды.
Айналдыру жылдамдығын, ТҮНГІ ЦИКЛ немесе ШАЮДЫ КІДІРТУ
функцияларын таңдау (2 түймешігі)
Қажетті бағдарлама таңдалған соң, құрылғы осы бағдарламаға арналған
ең үлкен айналдыру жылдамдығын автоматты түрде ұсынады.
Кірді жуғыш-кептіргіш машина ұсынған жылдамдықтан басқа
жылдамдықта жуғыңыз келсе, осы түймешікті қайта-қайта басып,
машинаның айналдыру жылдамдығын өзгертіңіз.
ШАЮДЫ КІДІРТУ: бұл параметрді таңдағанда, киімдер мыжылып қалмас
үшін соңғы шаю циклынан қалған су түгел төгілмейді. Бағдарламаның
соңында жыпылықтаған
және ШАЮДЫ КІДІРТУ белгішесі бейнебетте
пайда болады; ЕСІК белгішесі (есік бекітулі) жанған қалпы тұрады да, 7
индикаторы сөнеді. Есік машина ішіндегі суды төгу үшін бекітулі қалпы
тұрады.
ТҮНГІ ЦИКЛ: бұл параметрді таңдаған кезде, жуылған кір мыжылып
қалмас үшін соңғы шаю циклының суы төгілмейді. Ешбір айналдыру циклы
орындалмайтындықтан, бұл жуу циклы ешбір шуылсыз орындалады,
сондықтан да оны түнде кір жуу үшін не электр қуатын неғұрлым үнемдеу
қажет кезде таңдауға болады. Кейбір бағдарламалардың шаю
циклдарына көбірек су пайдаланылады. Бағдарламаның соңында
жыпылықтаған
және ШАЮДЫ КІДІРТУ белгішесі бейнебетте пайда
болады; ЕСІК белгішесі (есік бекітулі) жанған қалпы тұрады да, 7
индикаторы сөнеді. Есік машина ішіндегі суды төгу үшін бекітулі қалпы
тұрады.
ШАЮДЫ КІДІРТУ және ТҮНГІ ЦИКЛ функцияларын ҮЗДІКСІЗ
бағдарламамен бірге таңдауға болмайды (Кептіру тарауын қараңыз).
Суды төгу үшін «Бағдарламаның соңы» тарауын қараңыз.
Бағдарлама параметрінің түймешіктері
Бағдарлама түріне қарай әр түрлі функцияларды біріктіріп пайдалануға
болады.
Назарыңызда болсын!
Параметрлердің барлығы бір-бірімен үйлесе бермейді. Бағдарламаға
үйлеспейтін функциялардың түймешіктері жоғалып кетеді.
Дегенмен, орнатылған жуу бағдарламасына не басқа да таңдалған
параметрге сай келмейтін функция таңдалса, бейнебетте Err хабары
бірнеше секунд көрсетіледі де, 7 түймешігінің сары индикаторы
жыпылықтай бастайды.
Әркүндік қолдану
13
Seitenansicht 12
1 2 ... 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 ... 51 52

Kommentare zu diesen Handbüchern

Keine Kommentare